weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұлттың интеллектуалды капиталы, бұл – жоғары білім

Ұлттың интеллектуалды капиталы, бұл – жоғары білім

Ұлттың интеллектуалды капиталы, бұл – жоғары білім
Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Қазіргі жоғары білім жүйесі жаһандану мен цифрландыру жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Университет тек оқу орны емес, ғылыми орталық пен инновация генераторы болуы тиіс.

Ардагер ұстаз Бағилат Абдолованың пікірінше, жоғары білім беру жүйесі еңбек нарығымен тығыз байланыста болуы керек.

«Бүгінгі түлек – ертеңгі маман. Сондықтан оқу мазмұны нақты өмірмен, өндіріс сұранысымен үндес болуы қажет. Тағы бір ескеретін жайт, теория мен тәжірибені бір-бірінен алшақтатпаған жақсы. Екеуі – егіз ұғым. Барынша қатар алып жүрген жақсы» дейді ол.

Ол сонымен қатар академиялық еркіндікті кеңейту мен халықаралық ынтымақтастықтың рөлін ерекше атап өтеді. Қазақстандық университеттердің шетелдік әріптестерімен бірлескен зерттеулері мен қос дипломдық бағдарламалары жастардың әлемдік ғылымға жолын ашады.

Бағилат Абдолованың сөзінше, «ғылым мен білім – ұлт дамуының қос қанаты». Бұл екі бағыт қатар дамығанда ғана елдің болашағы нық, интеллектуалдық әлеуеті биік болмақ.