Қазіргі жаһандану дәуірінде экономикалық байланыстар мен саяси сенім қатар жүреді. Қазақстанның сыртқы саясаты да осы екі бағыттың тоғысында дамуда. Ел бүгінде Азия мен Еуропаны жалғайтын стратегиялық көпірге айналды.
Еңбек ардагері Ғаділхан Қалиев бұл туралы:
«Бүгінде сыртқы саясат тек дипломатия емес, ол – экономикалық прагматизм. Қазақстан әлемдік нарыққа өз өнімін ұсынумен қатар, шетелдік инвестицияны тарту арқылы ішкі дамуға серпін беріп отыр. Экономикалық ынтымақтастық – елдің тұрақтылығының негізгі кепілі», – дейді.
Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасының маңызды қатысушысы, Каспий өңіріндегі энергетикалық және көлік дәліздерінің түйініне айналды. Еліміздің көпвекторлы саясаты шетелмен сауда қатынастарын нығайтып қана қоймай, жаңа нарықтарға жол ашты.
Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық ұйымдармен тығыз байланысы, әсіресе БҰҰ, ЕҚЫҰ және ИЫҰ шеңберіндегі серіктестігі, елдің жаһандық деңгейдегі беделін арттырды.