Мүгедектігі бар адамдарды қолдау – елдің адамгершілік деңгейін көрсететін көрсеткіш. Қазақстанда соңғы жылдары инклюзивті қоғам қалыптастыру бағытында бірқатар маңызды заңдар қабылданып, әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Қазіргі таңда елде 700 мыңнан астам ерекше қажеттіліктері бар адам бар, олардың 60 мыңнан астамы – балалар.
Білікті дәрігер Асхан Мархабайұлы бұл туралы:
«Мүгедектігі бар адамға тек медициналық көмек қажет емес, оған қоғам тарапынан психологиялық және рухани қолдау керек. Қолдау көрсетудің ең тиімді жолы – тең мүмкіндіктер жасау. Егер адам өз еңбегімен қоғамға үлес қоса алса, ол өзін қажетті сезінеді. Бұл – нағыз инклюзияның көрінісі», – дейді.
Бүгінгі таңда ерекше жандардың өмір сапасын жақсарту үшін оңалту орталықтары мен психологиялық бейімдеу қызметтері ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым жетілдіріліп келеді. Электрондық қызметтер мен мобильді платформалар арқылы көмек алу жолы жеңілдеді. Мемлекет инклюзия саясатын білім, еңбек және денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялау арқылы жүйелі қолдау тетігін қалыптастырды.