weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Сауда соғысы тоқтай ма» Екі держава келісім шегіне жақындады

АҚШ пен Қытай екіжақты сауда мәмілесінің негізгі шарттары бойынша алдын ала келісімге келді. Бұл жөнінде АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент хабарлады.

«Сауда соғысы тоқтай ма» Екі держава келісім шегіне жақындады
фото: reuters

Келіссөздер екі ел көшбасшылары Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың осы аптада өтетін кездесуіне дайындық аясында жүргізілген.

Министрдің айтуынша, құжатқа АҚШ-тағы TikTok бойынша «қорытынды шешім» және Қытайдың сирек металдар экспортына бақылауды қатаңдатуды кейінге шегеру кіреді.

Трамп бұған дейін Қытай импортына 100 пайыздық баж салығын енгіземін деп қоқан-лоққы жасаған еді. Алайда Бессент бұл тарифтің күшіне енуі екіталай екенін айтты. Сондай-ақ Қытай Америкадан соя бұршағын қайтадан ірі көлемде сатып алуға келісіп отыр.

Си мен Трамп бейсенбі күні Оңтүстік Кореяда кездеседі. Ал Бессент Малайзияда өткен АСЕАН саммитінің алаңында Қытай делегациясымен келіссөздер жүргізген.

АҚШ тарапы «маңызды рамалық келісімге» қол жеткенін мәлімдеді. Қытай жағы да пікірталастың «құрылымды» өткенін атап өтті.

Трамп билікке оралғаннан кейін баж салығын арттыру қаупін жиі алға тартты. Бірқатар мемлекеттер жаңа сауда шарттарын келісіп үлгерді. Дегенмен Қытайға қатысты ең жоғары тарифтер бірнеше рет кейінге қалдырылған еді.

Сирек металдарға шектеу биыл қайта күшейтілген соң, Трамп тарифті 100 пайызға дейін өсіремін деп мәлімдеген. Бұл элементтер жоғары технологиялық өнім шығаруда шешуші рөл атқарады. Әлемдік өндірістің 90 пайызға жуығы Қытайдың қолында.

Бессенттің сөзінше, Қытай жаңа шектеулерді бір жылға тоқтатады. Сонымен қатар АҚШ-тан соя импорты қайта жанданады. Бұл өнім Трамп тарифтік соғысты бастаған кезде Қытай нарығынан шығып қалған негізгі экспорттық бағыттардың бірі болған.