weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бір пәтерде 10 мысық ұстайды

Авангард-3 шағын ауданындағы №7 үйдің тұрғындары дабыл қағуда — бір пәтерде шамамен он шақты мысық ұсталады, - деп хабарлайды newsroom.kz

Бір пәтерде 10 мысық ұстайды
Фото: nsk.kp.ru

AtyrauPress басылымының мәліметіне сүйенсек, подъезде дем алу мүмкін емес: сасық иіс пен антисанитариялық жағдай тұрғындардың өмір сүруіне кедергі келтіріп отыр. Бұл үйде ерекше қажеттіліктері бар балалар да тұрады.

№9 пәтердің иесі Марина есімді әйелдің айтуынша, өзі ол жерде тұрмайды — пәтерде тек мысықтар ғана бар.

— Мәселені тек учаскелік полицейдің қатысуымен шешеміз, — деді ол қысқаша.

Қоғам белсендісі Рүстем Баязиевтің айтуынша, бұл үйге жақында ғана термомодернизация жүргізілген. Алайда енді бүкіл подъезд қайтадан зардап шегіп отыр — мысықтардың иісі мүлде шыдатпайды. Оның сөзінше, пәтерлерде жануарларды ұстау санын заң жүзінде шектеу мәселесі көтеріледі.

Тұрғындар билік пен бақылаушы органдардың назар аударатынына үміттенеді — өйткені адамдардың тыныштығы мен денсаулығы бәрінен қымбат.