weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

12 адам бір сәтте қайтыс болды: Ақтөбеде жол апаты орын алды

Ақтөбе облысында «DAF» жүк көлігі мен жолаушылар мінген «ГАЗель» көлігі соқтығысып, 12 адам қаза тапты

12 адам бір сәтте қайтыс болды: Ақтөбеде жол апаты орын алды

Полицияның мәліметінше, апат салдарынан екі көлік жүргізушісі және 10 жолаушы оқиға орнында жан тапсырған. Тағы бес адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала деректер бойынша, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

«Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, «ГАЗель» көлігі ресми түрде жолаушылар тасымалымен айналысқан. Ол Жүргенов ауылы мен облыс орталығы арасында қатынап жүрген.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→