Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Елімізде биыл 934 жұмысшы өндірісте жарақат алды — Еңбек министрлігі

2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізде 934 адам өндірістік жарақат алған. Оның 133-і қаза тапқан, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Елімізде биыл 934 жұмысшы өндірісте жарақат алды — Еңбек министрлігі
Фото: ашық дереккөздер

Министрліктің мәліметінше, өндірістік жарақаттардың басым бөлігі өнеркәсіптік аймақтарда тіркелген. Атап айтқанда, Қарағанды облысында – 103, Шығыс Қазақстанда – 89, Павлодарда – 68, Ақтөбеде – 64, ал Атырау облысында – 48 адам жарақат алған. Сондай-ақ Алматы қаласында 51 жағдай тіркелді.

Салалық тұрғыда ең көп оқиға тау-кен металлургия кешенінде (17,4%) және құрылыс саласында (10,2%) болған.

Жарақат алу себептерінің 34,2 пайызы — кәсіпорын тарапынан кеткен қателіктерге, 33,6 пайызы — жұмыскердің өз іс-әрекетіне байланысты. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін бұзу — 8,5%, ал жол қозғалысы ережесін бұзу — 7,8 пайызды құраған.

Министрлік дерегінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл өндірістік жарақаттану деңгейі 3,4%-ға, ал соңғы бес жылда 6,7%-ға төмендеген. Еңбек министрлігі бұл бағытта оң үрдіс байқалғанымен, кәсіпорындарда қауіпсіздік мәдениетін күшейту әлі де өзекті екенін атап өтті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату