weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Гонконгте жүк ұшағы апат болды: экипаж мүшелері қаза тапты

Гонконг халықаралық әуежайында жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, теңізге жағасына келіп құлады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Гонконгте жүк ұшағы апат болды: экипаж мүшелері қаза тапты

Оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 3:50-де орын алған. Ұшақ Дубайдан ұшып шыққан. Flightradar24 қызметінің Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасына сәйкес, бұл түрік авиакомпаниясы AirACT-ке тиесілі Boeing 747 ұшағы болған. Ол Emirates компаниясы үшін жүк рейсін орындаған және болжам бойынша жердегі көлік құралымен соқтығысқан.

South China Morning Post басылымының полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға салдарынан ұшақта болған екі адам қаза тапқан. Алғашында олар жоғалып кеткендер қатарында саналған. Кейін олардың бірі теңізден өлі күйінде табылса, екіншісі апат орнында анықталып, ауруханада көз жұмған.

Апаттан кейін әуежайдың солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, ал оңтүстік және орталық жолақтар жұмысын жалғастырып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→