Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әлемдегі ең қымбат нан: қай елдерде бағасы шарықтап тұр?

Lentа.ru мәліметінше, әлемде бір бөлке ақ нанның орташа бағасы шамамен шамамен 920 теңгені құрайды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Әлемдегі ең қымбат нан: қай елдерде бағасы шарықтап тұр?

Ең қымбат нан Джибутиде — шамамен 4 996 тг. Ал ең арзан нан Алжирде, мұнда үкімет субсидияларының арқасында оның бағасы бар болғаны 92 тг.

Бұл деректерді РИА Новости агенттігі 16 қазан – Дүниежүзілік нан күніне орай жариялады.

Агенттіктің мәліметінше, нан ең қымбат саналатын елдердің қатарына сондай-ақ:

• Бермуд аралдары — 4521тг;

• Кайман аралдары — 3334тг;

• Монако — 2816 тг;

• Багам аралдары — 2762 тг;

Сонымен қатар, бұл көрсеткіш бойынша алғашқы ондыққа Конго, Орталық Африка Республикасы, Исландия, Лихтенштейн және Оңтүстік Африка Республикасы (ЮАР) енген.

Ал нан ең арзан елдер тізімінде:

• Тунис — 102 тг;

• Эсватини — 108тг;

• Ауғанстан — 109 тг;

• Ливия — 150 тг;

Сондай-ақ Чад, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Әзербайжан да арзанырақ нан сатылатын мемлекеттер қатарында.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату