Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматыда белгісіз адамдар мектеп оқушысын зорлаған

Алматы облысы, Қарғалы ауылында белгісіз адамдар мектеп оқушысына жәбір көрсеткен. Әлеуметтік желілерде күдіктілер болған жайтты видеоға түсірген болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Алматыда белгісіз адамдар мектеп оқушысын зорлаған

Аудандық білім бөлімі оқиғаның 21 қыркүйекте сабақ уақытынан тыс, жеке үй ауласында болғанын хабарлады. 13 қазанда бұл туралы білген мектеп директоры полицияға шағым түсірген.

Қазір іс ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі — «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуал сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабы бойынша тергеліп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, жәбір көрген қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Аталған жағдай бойынша тергеу мен қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қазір оқиғаға қатысы бар адамдармен жеке түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Кейін облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары тарапынан тиісті көмек көрсетіледі», — делінген комитеттің хабарламасында.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату