weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбеде бірнеше минутта жойқын жарылыс бола жаздады

Ақтөбе облысында төтенше жағдай қызметкерлері трасса бойындағы газ құю бекетінде жарылыстың алдын алды

Ақтөбеде бірнеше минутта жойқын жарылыс бола жаздады

Ақтөбе–Орск тас жолының бойындағы автогаз құю стансасында жарылыс қаупі туындаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ баллоны орнатылған жеңіл автокөліктің өртеніп жатқанын анықтаған. Жарылыс қаупі болған.

«Жарылыс қаупі төнді, алайда кәсіби өрт сөндірушілердің жедел әрі нақты әрекетінің арқасында тілсіз жау қысқа уақытта ауыздықталып, кейін толық сөндірілді», — деп хабарлады министрлік.

Ведомствоның ақпаратына сай, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→