Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қазан, 2025 / Перизат Ілес / Аймақтар

“Жай дауыс беріп қана қойған жоқ”: Семейдегі сайлауға Тоқтар Жақаш пікір білдірді

Семейде әкім сайлауы өтті. Бұл қала Қазақстандағы тұңғыш рет қала әкімі сайланған шаһар ретінде тарихта қалды. Осы орайда Тоқтар Жақаш өз Facebook парақшасында пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Жай дауыс беріп қана қойған жоқ”: Семейдегі сайлауға Тоқтар Жақаш пікір білдірді

"Кеше Семейде тұңғыш рет қала әкімін халық дауыс беріп, сайлап тастапты. Пабликтердегі жазбаларға қарасам, семейліктер дауыс беруге белсене қатысыпты. Бұрын «қала мен облыс әкімдерін сайлауға болмайды, рушылдықты қоздырады» деген пікір бар еді ғой. Сол пікірдің күлі көкке ұшқан тәрізді. 
Өйткені, облыс орталығы тұрғындары жай дауыс беріп қана қойған жоқ. Олар болашақта қандай қалада тұрғысы келетінін өздері анықтады. Енді сайланған әкім халықтың сенімінен шығуы үшін ауыр жауапкершілікті мойнына артады. Себебі, ол енді облыс әкімінің алдында емес, халықтың алдында есеп береді. Сөйтіп, сайлау алдында берген уәдесінің үдесінен шығуға тырысады. 
Ауыл мен аудан әкімдерін сайлау арқылы ауылдық жерлердегі әкімдер корпусының жаңарғанын байқауға болады. Мемлекеттік қызметте бұрын істемеген, әр мәселеге басқаша ойы бар азаматтар көптеп жиналды. Оның үстіне, енді олар саяси карьерасын одан әрі асыруына да мүмкіндік туды. Елімізде мемлекеттік қызметшілердің жаңа формациясы осылай-осылай, біртіндеп жүзеге асатын шығар"- деп жазды ол.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату