Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Баланың тағдыры ата-ананың генінде жазылған»: депутат маңызды бастама көтерді

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, әлемдік тәжірибеде көптеген елдер балалардың тұқым қуалайтын аурулармен туылу қаупін азайту үшін болашақ ата-аналарға алдын ала генетикалық тест өткізеді.

«Баланың тағдыры ата-ананың генінде жазылған»: депутат маңызды бастама көтерді
Фото: met-vmskv.ru

– Қазіргі заманғы және дәлдігі жоғары әдістердің бірі – carrier screening деп аталатын генетикалық тест. Ол болашақ ата-аналардың жүздеген тұқым қуалайтын ауруларға — мысалы, муковисцидоз, бұлшықет атрофиясы, Х-хромосомамен байланысты әлсіздік синдромы сияқты дерттерге — тасымалдаушы екен-еместігін анықтайды. Сонымен қатар кариотиптеу әдісі де қолданылады, ол хромосомалық ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді, – деді депутат.

Магеррамовтың сөзінше, мұндай тексеру нәтижесінде адамның генетикалық коды анықталып, ондаған ауруға бейімділігі мен ата-аналардың генетикалық үйлесімділігі бағаланады. Сондай-ақ, ауыр дертпен туылу қаупін алдын ала есептеуге мүмкіндік туады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату