Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Павлодарда екі көлік бір адамды бірінен соң бірі қаққан

Павлодар облысының Ақсу қаласында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы қайтыс болды. Ер адамды екі көлік бірінен соң бірі қағып кеткен.

Павлодарда екі көлік бір адамды бірінен соң бірі қаққан
Фото: ашық дереккөз

Оқиға кешкісін қалалық әкімдік маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жолдан өтіп бара жатқан сәтте оны автокөлік соққан. Ол жолға құлаған сәтте үстінен тағы бір көлік өтіп кеткен, ал екінші жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Павлодар облыстық полиция департаменті жол апаты туралы ақпаратты растады. Ресми мәліметке сәйкес, екі жүргізушінің де кім екені анықталып, ұсталған.

Қайтыс болған адам 57 жастағы Айдос Оразалин. Ол бұған дейін мәдениет бөлімін және қалалық су арнасын басқарған, соңғы жылдары Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарып келген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату