Негізгі және оңтайлы болжамдар
Компанияның базалық есебіне сәйкес, орташа айырбас бағамы:
қазанда — 541,8 теңге,
қарашада — 546,3 теңге,
желтоқсанда — 547,4 теңге болады деп күтіледі.
Жылдық орташа көрсеткіш шамамен 526,8 теңге деңгейінде қалыптасады.
Ал оптимистік нұсқада мұнай бағасы жоғары болып, экспорттық түсім тұрақты сақталса, теңге күз айларында 523–530 теңге аралығында тұрақтап, жыл соңында 512,4 теңге шамасында болуы мүмкін.
Теңгенің жыл ішіндегі серпіні
BCC Invest дерегінше, 2025 жылы теңге бағамы екі кезеңнен өтті.
Бірінші тоқсанда ұлттық валюта нығайып, қаңтардағы 524,9 теңгеден наурызда 499,4 теңгеге дейін арзандады. Бұған импорттың төмендеуі және теңгелік активтердің жоғары табыстылығы себеп болды.
Алайда көктемнен бастап теңге әлсірей бастады. Сәуір–маусым айларында курс 512–515 теңге шамасында болса, шілдеде 528,7 теңгеге, кейін 546 теңгеге дейін көтерілді. Бұл – экспорттық түсімнің азаюы мен валютаға сұраныстың артуының салдары.