Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Болат Назарбаевтың ұлы банкрот деп танылды

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев ресми түрде банкрот деп танылды. Соған қарамастан, оның атына бірнеше компания мен жер телімдері әлі де тіркелгені анықталды. Енді ол бес жыл бойы несие рәсімдей алмайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркеле алмайды.

Болат Назарбаевтың ұлы банкрот деп танылды

Shishkin Like басылымының дерегінше, Нұрбол Назарбаевтың иелігінде келесі компаниялар бар:

Prime Cap – бас компания (тарату сатысында);

Prime Capital Real – жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысады, Алматы облысында 22 нысан мен үш жер телімі бар;

Prime Capital Re Plaza – жылжымайтын мүлікпен айналысатын компания, Алматыда екі жер учаскесі тіркелген;

Prime Capital Re Ushkonyr – Шамалғандағы жерлер;

Prime Capital Re Alakol;

Prime Capital Re Talgar – жер мен арақ-шарап шығаратын зауыт;

Prime Capital Re Karasay – Үшқоңырдағы жерлер, Breeding company, QazAgro Centre және Steppe AgroMeat арқылы басқарылады;

Қарасай ауданындағы үш қабатты «Бахар-А» салтанат сарайы;

Prime Capital Invest – қаржы қызметтері;

Qaz-Ak-Kus – Алматы облысы Іле ауданындағы құс фабрикасы;

PLS-TM және PLS инвестиция-құрылыс компаниясы – АЗТМ автозауытында үлесі бар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату