Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Джеки Чан әйгілі «Құдіретті сауыт» фильмінің 4-бөлімін  Қазақстанда түсірмек

Әлемге танымал актер, режиссер әрі продюсер Джеки Чан басты рөлде ойнайтын атақты «Құдіретті сауыт» фильмінің жаңа бөлігі Қазақстан аумағында түсіріледі.

Джеки Чан әйгілі «Құдіретті сауыт» фильмінің 4-бөлімін  Қазақстанда түсірмек
Фото: ашық дереккөз

Жобаны ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл аңызға айналған франшизаның төртінші бөлімі болмақ. Түсірілім орнын Қазақстанда өткізу туралы шешім Бейжіңде өткен келіссөздер нәтижесінде қабылданған.

Айта кетсек, «Құдіретті сауыт» сериясының алғашқы фильмі 1986 жылы шыққан еді. Экшн мен шығыс комедиясының элементтерін шебер ұштастырған бұл туынды Джеки Чанды бүкіл әлемге әйгілі еткен болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін актердің Алматыға келгені хабарланған еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату