Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шам жаңартылмақ

Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды newsroom.kz

Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шам жаңартылмақ
Фото: gov.kz

Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр. Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы Қала Жарық» МКК-мен бірлесіп, қаланың сыртқы жарықтандыруын жаңғырту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы хабарлады. 

Жаңартылған нысандардың қатарында Республика Сарайы, Шухов және «Дружба» скверлері, Төлебаев көшесіндегі аллея, Сейфуллин даңғылы, сондай-ақ Шолохов және Саин көшелері бар.

Республика Сарайының аумағында 60 жаңа жарықтандыру тірегі орнатылып, 700 метр 5×10 кабель тартылды. Шухов скверінде қуаты 100 Вт (3000К) 32 торшер шамы орнатылды. «Дружба» саябағында 65 ескірген шам энергия тиімділігі жоғары (100 Вт, 3000К) заманауи жарық көзіне ауыстырылды.

Бұдан бөлек,Төлебаев көшесінде 97 шам ауыстырылып, тротуарлар  біркелкілкі жарықтандырылуда. Шолохов көшесіндегі ескі шамдардың орнына 210 торшер пайда болды, соның арқасында энергия тиімділігі де артты. Саин көшесіндегі 150 Ватт шамдарды  неғұрлым қуатты 200 ватт шамдарға ауыстыру жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 750 шам  жаңартылды.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру жарықтандыру деңгейін және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, қала тұрғындары мен қонақтары үшін неғұрлым жайлы жағдай жасауға ықпал етіп,  қоғамдық кеңістіктерге заманауи сәулеттік көрініс беріп отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату