АИТВ – адамның иммунтапшылығы вирусы, олағзаға енген кезде иммундық жүйеге әсер етеді. АИТВ-ны жұқтырған адам өзінің жұқтырғанынбілмеуі де мүмкін, өйткені ол ұзақ жылдар бойы өзінтолықтай сау сезінуі мүмкін. АИТВ-инфекциясыныңқауіптілігі – ауруды жұқтырған адам ауру туралы білмей, басқа адамдарға жұқтыру көзі болыптабылады.
Дегенмен, инфекция организмде біртіндепдамып, иммундық жүйенің жасушаларына әсер етеді, иммунитетті төмендетеді. Ақырында ЖИТС диагнозы қойылады – жүре пайда болған иммундықтапшылық синдромы. Аурудың осы кезеңіндеадамның иммунитеті айтарлықтай әлсірейді және кезкелген ауру адамға өлім қаупін төндіруі мүмкін. Бүгінгі күні аурудың дамуын кешіктіретін заманауиемдеу әдістері бар, бірақ бұл көп уақытты қажететеді.
АИТВ-инфекциясына қарсы вакцина жоқ.
АИТВ-ның берілу жолдары туралы білумаңызды. Иммундық тапшылық вирусы ағзаныңкөптеген биологиялық сұйықтықтарында: қанда, сперматозоидтарда, қынаптық сұйықтықта, емшексүтінде болады.
Вирус үш жолмен беріледі: қорғалмағанжыныстық қатынас кезінде (презервативсіз немесебасқа қорғаныс құралдарынсыз); қан арқылы, инъекциялық препараттарды енгізуге арналғанинелер мен шприцтерді, сондай-ақ стерильді емесмедициналық құралдарды пайдалану кезінде; құлақты тесу, денені тесу, татуировка жасау үшінстерильді емес инелерді қолданғанда; және АИТВ-жұқтырған анадан балаға жүктілік, босану жәнеемшек сүтімен емізу кезінде.
Адамның иммунтапшылығы вирусы келесіжағдайларда жұқпайды: сүйіскенде, жөтелгенде, түшкіру, қол алысу арқылы, жәндіктер мен жануарлардың шағуы арқылы, ортақ ыдыстарарқылы, дәретхана немесе душты ортақ пайдаланукезінде, төсек-орын жаймалары арқылы.
Вирусты денеде тек арнайы қан сынағы арқылыанықтауға болады - АИТВ антиденелерін анықтаукезінде.
Өзіңізді АИТВ-нан қорғаудың ең жақсы жолы – АИТВ-ның берілу жолдарынан аулақ болу.
Әрбір адам өз денсаулығына жеке жауаптыекенін есте сақтау өте маңызды. Ал, профилактикалық шараларды қолдану әркімніңмүддесі.