Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Иран ұлттық валютасынан төрт нөл алынып тасталады

Иран парламенті риалды деноминациялауға қатысты заң жобасын мақұлдады. Жаңа жүйе бойынша 10 000 ескі риал 1 жаңа риалға тең болады.

Иран ұлттық валютасынан төрт нөл алынып тасталады
Фото: ашық дереккөзден

Заң жобасын 144 депутат қолдап, 108-і қарсы дауыс берді, тағы үшеуі қалыс қалды. Осылайша парламент Шариғат сақшылары кеңесінің ескертпелерін жойып, құжатты түпкілікті қабылдады.

Иранның Орталық банкіне жаңа валютаға көшуге дайындалу үшін екі жыл мерзім берілді. Алдағы үш жыл бойы елде ескі және жаңа ақша қатар айналымда жүреді. Банк үш ай ішінде дайындық жоспарын әзірлеуі тиіс.

Билік бұл қадамды есеп-қисапты жеңілдету және жылдар бойы инфляция әлсіреткен ұлттық валютаға деген сенімді қалпына келтіру мақсатымен түсіндірді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату