Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қазан, 2025 / Перизат Ілес / Аймақтар

Sәlem Entertainment Digital Bridge 2025: ЖИ саласындағы жаңа бастамалар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 форумында өткен Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұсынылған цифрлық әзірлемелер көрмесімен танысты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Sәlem Entertainment Digital Bridge 2025: ЖИ саласындағы жаңа бастамалар

Қатысушылар арасында Sәlem Entertainment компаниясы да өзінің жасанды интеллект саласындағы жобаларын көрсетті.

Бас директор және продюсер Игорь Цай жасанды интеллект арқылы жасалған генеративті контентті таныстырып, Sәlem AI бағытының дамуы туралы баяндап берді.

«Біз Sәlem-де әрдайым сериалдар мен фильмдерді өндіру мен жылжытудың халықаралық алгоритмдерін енгізіп, бейімдейміз. Биыл біз Google (Alphabet) компаниясының VEO3 бөлімшесінің қолдауымен жасанды интеллект арқылы контент жасау технологияларын сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл бағытты дамыту арқылы біз, біріншіден, промпт-инженерлер мен арт-директорларды даярлауға, екіншіден — вертикалды форматтағы эксперименталды серияларды өндіруді қаржыландыруға баса назар аударып отырмыз», — деп атап өтті Цай.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату