Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ел шекарасына 20 км жерде Ресейден соққы жасалды

Украинадан ұшырылған дрондар Орынбор облысының Орск қаласында орналасқан “Орскнефтеоргсинтез” мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел шекарасына 20 км жерде Ресейден соққы жасалды
Zakon.kz

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, зауыт аумағында эвакуация жарияланған. Қала билігі тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцев те жағдайға қатысты пікір білдіріп: «Аймақтың өнеркәсіп нысандарының біріне дрондар арқылы шабуыл жасалды. Зардап шеккендер жоқ, зауыттағы технологиялық процестер бұзылған жоқ. Қазіргі уақытта жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр», – деп жазды Telegram-дағы парақшасында.

“Орскнефтеоргсинтез” – Ресейдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі. Ол Украина шекарасынан шамамен 1400 шақырым, ал Қазақстан шекарасынан небәрі 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Осыған байланысты бұл соққы Қазақстанға ең жақын тіркелген дрон шабуылы болып отыр.

Зауыт жұмысы әзірге қалыпты режимде жалғасып жатыр. Дегенмен оқиға халықаралық қауымдастықтың назарын аударды. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай аймақтағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін тағы да көрсетіп отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату