Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ШҚО-да әйелі күйеуін полицияға ұстатып жіберді

Шығыс Қазақстан облысында пробация есебінде тұрған ер адам электронды бақылау құрылғысын шешіп, түнде қонаққа барып жүрген. Оның бұл әрекеті ұзаққа созылмай, ақыры әшкереленді.

ШҚО-да әйелі күйеуін полицияға ұстатып жіберді

Өңірлік ҚАЖ департаментінің хабарлауынша, Шемонаиха ауданында тіркеуде тұрған сотталған тәртіпті өрескел бұзған,-деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Азаттық рухына сілтеме жасап. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, ол білезікті шешіп, жүйені алдай аламын деп ойлаған. Алайда қадағалау қызметі кезекті тексеру кезінде ақаулықты байқап, жағдайды анықтау үшін үйіне барған. Сол сәтте үйде тек білезік болған, ал азаматтың өзі табылмаған.

Шындықты жасырмаған әйелінің айтуынша, күйеуі құрылғыны әдейі шешіп, екеуі түнде қонаққа барған, кей кездері достарымен де бас қосып жүрген.

Бұл тәртіп бұзушылыққа байланысты сотталған қатаңырақ жазалау шарасына жіберіліп, жазасын енді түзеу мекемесінде өтейтін болды. Бұған қоса, бүлінген электронды білезікке келтірілген шығынды өтеу мәселесі де сот қарауына жіберілді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату