Жаңалықтар

Қазақтар АЭС-ке 20 мыңнан аса атау ұсынды:  қандай атаулар көзге түсуде?

Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, атом электр станциясына атау беру байқауына күтпегендей көп адам қатысқан.

Ұсыныстарды үш бағытқа бөлуге болады:

географиялық атаулар: Балқаш, Іле, Үлкен, Мойынқұм;

тарихи және ғылым қайраткерлерінің есімімен: Абай, Қаныш Сәтбаев, академиктер Шокин мен Батуров;

техникалық сипаттағы нұсқалар: жарық, қуат, атом, энергия сөздері қолданылған атаулар.

Барлық ұсынысты комиссия қарап шығады. Оның құрамында мамандармен қатар этнографтар мен қоғам қайраткерлері бар.

Еске сала кетейік, 10 қазанға дейін қазақстандықтар еліміздегі алғашқы АЭС-ке атау ұсына алады.