Ұсыныстарды үш бағытқа бөлуге болады:
географиялық атаулар: Балқаш, Іле, Үлкен, Мойынқұм;
тарихи және ғылым қайраткерлерінің есімімен: Абай, Қаныш Сәтбаев, академиктер Шокин мен Батуров;
техникалық сипаттағы нұсқалар: жарық, қуат, атом, энергия сөздері қолданылған атаулар.
Барлық ұсынысты комиссия қарап шығады. Оның құрамында мамандармен қатар этнографтар мен қоғам қайраткерлері бар.
Еске сала кетейік, 10 қазанға дейін қазақстандықтар еліміздегі алғашқы АЭС-ке атау ұсына алады.