Зауыт басшылығы мұндай қадамның басты себебі – жұмыс орындарын сақтап қалу және жаппай қысқартуға жол бермеу екенін мәлімдеді. Кәсіпорын сонымен қатар уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін биліктен қолдау сұрап отыр.
Қазір «АвтоВАЗ»-да 40 мыңнан астам адам еңбек етеді, тағы 15 мыңға жуық қызметкер серіктес компанияларда жұмыс істейді.
Автонарықтағы жағдай күрделі: 2025 жылдың алғашқы сегіз айында Lada көліктерінің сатылымы 25 пайызға төмендеп, 211 мыңнан сәл асқан. Осыған байланысты зауыт биылғы өндірістік жоспарын қысқартып, 300 мың көлікпен шектелмек. Ал сұраныс артып жатса, келесі жылы 500–600 мың көлік шығарылуы мүмкін.