Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жасанды интеллект министрлігі қашан құрылып үлгерді? Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект министрі болды

Жаңадан құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып Жаслан Хасенұлы Мәдиев тағайындалды.

Жасанды интеллект министрлігі қашан құрылып үлгерді?  Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект министрі болды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында мемлекет басшысы Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды.
Кейін 18 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, елімізде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

Қаулыға сәйкес, инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне бере отырып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.

Үкіметке мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлу мен жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Жарлықтың орындалуын бақылау президенттің әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату