weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 қыркүйек, 2025 / Арайна Арайқызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресей Украинаға 600 дронмен соққы жасады: Киев қирау шегінде

Түнде Ресей Украинаға соңғы уақыттағы ең ауқымды әуе шабуылдарының бірін жасады. Әскери деректерге сәйкес, бір ғана түннің ішінде 600-ге жуық дрон мен ондаған зымыран қолданылған.

Ресей Украинаға 600 дронмен соққы жасады: Киев қирау шегінде
Фото: Evgeniy Maloletka/AP Photo/picture alliance

Шабуылдың басты нысаналарының қатарында Киев пен Запорожье аймақтары бар. Украин астанасында бірнеше ғимараттар қирап, инфрақұрылымға айтарлықтай залал келді. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде төрт адам қаза тауып, 40-тан астам адам жараланды.

Шабуылдан кейін Польша Украинамен шекаралас аймақтардағы әуе кеңістігін жапты. НАТО елдері жағдайды жіті бақылап отыр. БҰҰ бас хатшысы бұл қақтығыстың ушығуы бүкіл Еуропа қауіпсіздігіне қатер төндіретінін мәлімдеді. Украина билігі Батыстан қосымша әуе қорғаныс жүйелерін жедел жеткізуді сұрап отыр.