Қытайдың Хунань провинциясында 8 жастағы Сяо Юй есімді баланың жүрегі тоқтап қалды. Баланы аман алып қалу үшін дәрігерлерге жедел жүрек массажын жасауға тура келген.
Шанхайдан арнайы аппарат жеткізіліп болғанша, 30-ға жуық дәрігер кезекпен 5 сағат бойы баланың кеудесіне қысым жасауды тоқтатпаған. Осы уақыт ішінде 30 мыңнан астам жүрекке қысым жасалды.
Дәрігерлердің жанқияр еңбегінің арқасында Сяо Юй тірі қалды. Жергілікті баспасөз бұл оқиғаны «нағыз медициналық ерлік» деп бағалап, ақ халаттыларды «періштелерге» теңеді.
Бұл жағдай медицина саласындағы бірлік пен адам өмірін құтқару жолындағы дәрігерлердің қажырлы еңбегін тағы бір дәлелдеді.