Іс-шараға кімдер қатысты?
• ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, «Ауыл» партиясының Төрағасы;
• ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары;
• Түркия, Франция елшілері, ауыл шаруашылығы саласындағы ірі отандық және шетелдік инвесторлар қатысты.
Партия осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Түркияның «Türkiye Bursları» бағдарламасының көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, «Қазақстандық Түркия түлектері Ассоциациясымен» ынтымақтастық шеңберінде ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мамандықтары бойынша ауыл жастары арасынан 4 жас үміткерге мақсатты гранттар бөлу бойынша уағдаластыққа қол жеткізген болатын.
Сондай-ақ, грант иегерлеріне оқу сертификаттарын салтанатты түрде ҚР АШМ министрі А. Сапаров табыстады.
Рәсімінде сөз алған «Ауыл» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі аграрлық мәселелер жөніндегі Комитет Төрағасы С. Егізбаев:
«Бұл кездесуіміз - бір реттік акция емес, үлкен істің басы. «Ауыл» партиясы алдағы уақытта да осы мәселені Үкіметтің, тиісті министрліктердің, халықаралық серіктестердің алдына нақты ұсыныс ретінде қойып, ауыл жастарына ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша жол ашатын жүйелі тетік қалыптастыруға жұмыс істей береді. Бүгін сертификат алып тұрған төрт түлегіміздің әрқайсысы - ауылдың болашағы. Олар ертең еліміздің агроөнеркәсібін дамытатын жетекші мамандарға айналады деп сенеміз.Ауыл баласы әлемнің ең мықты университеттерінде оқуға лайық. Оған жол ашу - біздің борышымыз.»,-деді.