Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Газаны қолдағандарға қарсы шыққан жалғыз ел – АҚШ

АҚШ тағы да БҰҰ-дағы Газаға қатысты қарарға тосқауыл қойды

Газаны қолдағандарға қарсы шыққан жалғыз ел – АҚШ
Фото: қазАқпарат

АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі қарарды кезекті рет қабылдатпай тастады. Бұл – соңғы екі жыл ішіндегі Вашингтонның алтыншы вето шешімі.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Қауіпсіздік Кеңесінің мерейтойлық 10 000-отырысында АҚШ құжатқа қарсы дауыс берген жалғыз мемлекет болды. Ал Ресей, Қытай, Франция және Ұлыбритания бастаған өзге мүшелер құжатты қолдады.

Қарардың бастамашылары – Кеңестің тұрақты емес мүшелері: Алжир, Дания, Гайана, Пәкістан, Панама, Корея Республикасы, Сьерра-Леоне, Словения және Сомали. Құжатта:

  • кепілдегілерді ешқандай шартсыз босату,
  • Израильге Газаға гуманитарлық көмекті кедергісіз кіргізу,
  • көмек пен негізгі қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету талаптары жазылған.

БҰҰ бұған дейін Газада қаза тапқандардың саны ресми көрсеткіштен он есе көп болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Сондай-ақ халықаралық гуманитарлық ұйымдар Израильді әскери шабуылды тоқтатуға шақырды.

Айта кетейік, БҰҰ комиссиясы Израильдің Газа секторындағы әрекетін геноцидке тең деп бағалаған еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату