Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Посткеңестік елдердегі жалақы деңгейі: Қазақстан қай орында?

Посткеңестік кеңістіктегі елдердің орташа айлығы бойынша жаңа деректер жарияланды. Қазақстан кей өңірлерде алдыңғы қатарда

Посткеңестік елдердегі жалақы деңгейі: Қазақстан қай орында?
Фото: Соцэк арнасы

2024 жылы Эстония, Латвия және Литвада (соңғысы посткеңестік кеңістікте алда тұр — 1747 еуро немесе 1891 доллар), Мәскеу мен Петербургте, Астанада және пайдалы қазбалар көп өндірілетін өңірлерде — Ресейдің Арктикасында және Қазақстанның мұнай-газ, мыс өндіретін аймақтарында (Атырау, Маңғыстау, Ұлытау облыстары) орташа табыс 1000 доллардан асты. Қызығы, Чукоткадағы орташа жалақы Эстониядан да жоғары болып шықты, ал Мәскеу мен ЯНАО-да — Латвиядан да артық (мұнда тек салықтан кейінгі номиналды жалақы көрсетілген, өмір сүру құны есепке алынбаған).

Жоғары жалақы Сібірде, Қиыр Шығыста, Қазақстан өңірлерінің жартысында және күтпеген жерден Арменияда байқалады. Армения бұл жағынан бүкіл Кавказды басып озған. Бұған 2022 жылдан кейін ел экономикасын жылдам өсірген ресейлік көшіп барғандар ықпал еткен сияқты. Дегенмен, көлеңкелі экономикасы ауқымды екенін ескерсек, армян ресми деректерінің нақтылығы күмәнді. Ұқсас сұрақтар Молдоваға да қатысты: мұнда ресми орташа жалақы 700 доллар шамасында.

Орта деңгейлілерге Ресейдің орталық және оңтүстік өңірлерінің көбі, Беларусь облыстары, Әзірбайжан және Қазақстанның бірнеше өңірі кіреді. Тіпті ең кедей саналатын Жетісу мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да 2024 жылғы ресми орташа жалақы 264 мың теңгеге (шамамен 560 доллар) жеткен.

Ал төменгі сатыда — Киев пен Днепр облысынан басқа бүкіл Украина, Солтүстік Кавказ, Қырғызстанның солтүстігі. Өзбекстанда (Ташкенттен өзге, мұнда 500 доллар), Тәжікстанда және Қырғызстанның оңтүстігінде орташа айлық 300 долларға да жетпейді. Мәселен, Душанбе бойынша — шамамен 290 доллар. Посткеңестік кеңістіктегі ең төменгі жалақы Тәжікстанның Хатлон облысында тіркелген: 2024 жылғы бағам бойынша небәрі 165 доллар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату