Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шымкентте 300 электросамокат айып тұрағына қойылды

Өткен аптада Шымкент қаласында көшенің ортасына тасталған 300 электросамокат айып тұрағына әкетілді.

Шымкентте 300 электросамокат айып тұрағына қойылды
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тұрғындар ретсіз қалдырылған самокаттар көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіретініне шағымданып отыр. Осыған байланысты полицейлер тұрақты рейд жүргізіп, ережені бұзғандарды анықтауда.

Министрлік азаматтарды самокатты пайдалану кезінде жауапкершілік танытуға шақырды.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамаға өзгерістер енгізілгенімен, электросамокатқа қатысты жағдай түзелмегенін айтқан еді. Оның сөзінше, олар әлі де халық үшін қауіпті болып отыр.

Еске салайық, қыркүйек басында Алматыда екі жасөспірім самокатпен келе жатып, қоларбаны аударып, ішінде сәби отырған арбаны қағып кеткен болатын.

Осы оқиғадан кейін сенатор Марат Қожаев самокатшыларға емес, кикшерингілік компанияларға айыппұл салуды ұсынып, бұл жолдағы қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді деген пікір білдірді.

Сондай-ақ, ірі кикшерингілік сервистерге ереже бұзған самокатшыларды шектеуге арналған техникалық тетіктерді енгізу міндеттелді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату