Қаралып жатқан бастамалар:
- мемлекеттік қызметкерлердің 30%-ына дейін қашықтан жұмыс істеуге көшіру;
- жекеменшік компаниялардың кеңсе қызметкерлерін де қашықтан жұмыс істеуге жіберу мүмкіндігі, бірақ шешім кәсіпорын басшыларына қалдырылады;
- ЖОО мен колледждерде сабақ басталу уақытын әртүрлі ету ұсынылуда: бір бөлігі таңғы 8:00-де, қалғаны 10:00-де оқуды бастайды.
Әкімдіктің пікірінше, мұндай тәсіл 637 мыңнан астам студент ағынын бөлшектеп, олардың оқу орнына әртүрлі уақытта келуін қамтамасыз етеді және таңғы қарбаластағы жол жүктемесін азайтады.