Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда жаңа құрылыс кодексі қабылданбақ

Президент жылдың соңына дейін жаңа Құрылыс кодексін қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстанда жаңа құрылыс кодексі қабылданбақ
Фото: freepick.com

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осы құжат құрылыс саласының тұрақты әрі қауіпсіз дамуына қажетті құқықтық негіз қалайды деп атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен дамып келеді. 2022 жылы 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілген.

– Дегенмен құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллектке негізделген ғимараттардың ақпараттық модельдеуін пайдалану маңызды. Үкімет барлық кезеңді қамтитын, есеп пен жоспарлауды және мониторингті қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық платформаны іске қосуы тиіс, – деді Президент.

Оның сөзінше, жаңа Құрылыс кодексі осы саладағы ашық әрі тұрақты дамуға берік заңнамалық база қалыптастыруы қажет.

– Құжатты жылдың соңына дейін қабылдау керек. Депутаттардан бұл бағытта қолдау көрсетуді сұраймын, – деді Тоқаев.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату