Жылдық қажеттілік 2 млн тонна болса және өнім мол болады деген болжам бар болғандықтан, картоп экспортына қойылған шектеу 28 шілдеде алынды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, тамыз айында фитосанитарлық сертификат беру кезінде туындаған техникалық іркілістер шешілді. Министрлік экспорт көлемін қатаң бақылап, ел ішінде тапшылық туындауына жол бермейтінін жеткізді.
Ал шілде айының соңында сарапшылар елдегі қор аздығына байланысты картоп бағасының күрт қымбаттағанын айтқан еді.