Armani штаб-пәтерінің алдында (Виа Бергоньоне көшесінде) мыңдаған жанкүйерлер мен әлемге танымал жұлдыздар жиналды. Олардың арасында Донателла Версаче, Виктория Бекхэм және Джулия Робертс болды. AP агенттігінің хабарлауынша, қоштасу рәсімі шам жарығымен, әуенмен өтіп, ерекше толқытқан әрі шынайы атмосфера орнады.
«Армани – итальяндық әрі миландық сәннің ұлы өкілдерінің бірі. Оның шығармашылық көзқарасы мен қаланың өміріне белсенді араласуы жетіспейтін болады», – деді Джузеппе Саланы The Guardian келтіреді.
Джорджо Армани өз атындағы брендті 1975 жылы құрған. Уақыт өте келе ол сән, парфюмерия, косметика және қонақүй бизнесін қамтитын миллиардтаған долларлық империяға айналды. Армани жинақтарында талғампаздық пен қарапайымдықты үйлестіріп, сән әлемінде өшпес із қалдырды.
Сәнгердің құрметіне Миланда марканың 50 жылдығына арналған мерейтойлық көрсетілім мен Брера көркемөнер галереясында ретроспективалық көрме өткізу жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, аңызға айналған дизайнер 4 қыркүйекте 91 жасында дүниеден өтті.