Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Онлайн-платформаларда жалған ақпараттың таралу деректері тіркелді

Соңғы уақытта онлайн-платформаларда жалған ақпараттың таралу деректері тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Онлайн-платформаларда жалған ақпараттың таралу деректері тіркелді

Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, осындай жарияланымдардан кейін «Orda» ақпараттық-талдау арнасының бас редакторы Г.А.  Бажкеноваға қала прокуратурасы Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының талаптарын ауызша және жазбаша түрде түсіндірді.

Сонымен қатар ол ел заңдарын бұзудың жол берілмейтіні және қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы қатаң ескертілді.

Сондай-ақ азаматты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп қасақана жалған айыптау деректері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігіне сәйкес 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қарастырылатыны түсіндірілді.

Айта кетелік, осыған байланысты қала прокуратурасы азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға шақырады және қоғамдық ортада, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жалған, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға қатаң түрде шақырады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату