Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың сәуір айында ол мас күйінде 2019 жылы туған туған қызына қатысты зорлық әрекеттер жасаған.
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ жәбірленуші тарап пен куәгерлер де айғақ келтірген. Сарапшылардың қорытындылары мен өзге де дәлелдерге сүйеніп, прокурор сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жәбірленуші тарап та кешірім бермей, заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды талап етті.
Сот шешімі бойынша ол ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанға сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер жасау») бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, жәбірленушіге 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіріледі.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.