Мехрибан Алиева мен Анна Акопян Қытайдың Тяньцзинь қаласында Хайхэ өзенінде қайықпен серуендеу кезінде бірге суретке түскен. Кадрда Қытайдың бірінші ханымы Пэн Лиюань да бар.
«ШЫҰ плюс» форматындағы саммитке қатысқан мемлекет және үкімет басшыларының жұбайлары да сол жерде болған.
Әзірге армян және әзербайжандық БАҚ суретті көп талқыламай, тек ақпарат ретінде жариялап отыр. Ал әлеуметтік желілерде бұл сурет екі ел арасындағы бейбітшіліктің белгісі ретінде бағалануда.
Көпжылдық Қарабақ қақтығысынан кейін Армения мен Әзербайжан арасында бейбіт әрі сындарлы қарым-қатынас біртіндеп қалыптасып келеді.
Кеше Қытайда Әзербайжан президентін ШЫҰ саммитінде жылы қарсы алды. Шара аясында Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян келіссөз жүргізіп, жаңа бейбіт күн тәртібін талқылады.