Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қыркүйек, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Sportroom

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындары: кесте мен билет бағасы

Алматының «Қайрат» футбол клубы ұзақ жылдан кейін тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Енді алматылықтар Еуропаның алып клубтарымен кездеседі. Ал жанкүйерлер қазірден бастап сапарларын жоспарлап, маусымның басты ойындарына билет сатып ала алады.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындары: кесте мен билет бағасы

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойын кестесі (2025/26 маусымы)

  • 18 қыркүйек, 02:00 (Алматы уақыты) — «Спортинг» (Португалия) – «Қайрат»
  • 30 қыркүйек, 01:45 — «Қайрат» – «Реал Мадрид» (Испания)
  • 21 қазан, 01:45 — «Қайрат» – «Пафос» (Кипр)
  • 5 қараша, 05:00 — «Интер» (Италия) – «Қайрат»
  • 26 қараша, 02:45 — «Копенгаген» (Дания) – «Қайрат»
  • 9 желтоқсан, 00:30 — «Қайрат» – «Олимпиакос» (Грекия)
  • 20 қаңтар, 00:30 — «Қайрат» – «Брюгге» (Бельгия)
  • 28 қаңтар, 05:00 — «Арсенал» (Англия) – «Қайрат»

Осылайша алматылықтар үш ойынды өз алаңында өткізеді: қарсыластары — «Реал», «Пафос» және «Брюгге».

Билеттерді қайдан алуға болады

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчтарына билеттер халықаралық онлайн сервистерде, соның ішінде SeatPick платформасында сатылып жатыр. Онда мына ойындарға билет рәсімдеуге мүмкіндік бар:

  • Лиссабонда өтетін «Спортингке» қарсы матчқа;
  • Алматыдағы «Реалға» қарсы ойынды;
  • «Пафосқа» қарсы кездесуді.

Бағалар сектор мен сұранысқа қарай өзгереді. Әсіресе мадридтік «Реалға» қарсы Алматыдағы матчқа билеттер тез сатылып кетуі мүмкін.

Күздің басты оқиғасы — «Қайрат» пен «Реал» ойыны

30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» — «Реал Мадрид» матчы Алматыда үлкен спорт мерекесіне айналмақ. Бұл кездесу жанкүйерлерді еліміздің түкпір-түкпірінен жинап, стадионды лық толтырады.

Сондықтан жанкүйерлерге билеттерді алдын ала сатып алып, сапарларын ертерек жоспарлаған жөн. Чемпиондар лигасының ойындарына қызығушылық өте жоғары.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату