Актрисаның айтуынша, оқиға 2018 жылы болған. Сол кезде ол полицияға шағымданғанымен, іс жабылып қалған. 2020 жылы Арну қайта арыз түсіріп, тергеу қайта басталған. Нәтижесінде Депардьеге бір рет зорлау және бір эпизод сексуалдық зорлық бойынша айып тағылды.
Бұл Депардьеге қатысты алғашқы іс емес. 2025 жылдың мамырында Париж соты оны 2021 жылы түсірілген «Жасыл жапқыштар» фильмінің түсірілімі кезінде екі әйелге қырындағаны үшін кінәлі деп таныған. Ол кезде актерге 1,5 жыл шартты жаза кесілген.