weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“Шетінеді деп, шет елге сатып жіберген”: қазақ қызы 25 жылдан кейін ата-анасымен қауышты

Желіде Орал әуежайында түсірілген әсерлі бейнежазба қызу талқылануда.

Кадрлардан осыдан ширек ғасыр бұрын қайтыс болды деп есептелген қыздың туған ата-анасымен қауышқан сәтін көруге болады.

“Шетінеді деп, шет елге сатып жіберген”: қазақ қызы 25 жылдан кейін ата-анасымен қауышты
Видеодан кадр

«Мой город» басылымының мәліметінше, 2000 жылы Батыс Қазақстан облысының тұрғынына перзентханада сәбиінің шетінеп кеткені хабарланған. Алайда арада 25 жыл өткен соң, баланың тірі екені белгілі болды.

Осы уақыт бойы ол АҚШ-та асырап алған отбасында өсіп-жетілген. Жақында туған жеріне асырап алған әкесімен бірге оралған қыз ата-анасымен көз жасына толы қуанышты сәтте табысты.

Бұл оқиғаны бойжеткеннің туған әпкесі Айымгүл бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Қазір нәрестенің жоғалуына байланысты үш дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға сәбиді заңсыз шетелге шығарып жіберді деген айып тағылып отыр.

Желі қолданушылары тағдырлы қыздың ата-анасымен қайта табысуын ерекше толғаныспен қабылдап, ізгі тілектерін білдіруде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→