Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 13:07 / Перизат Ілес / Елорда

ССС-4: Елордада 2035 жылға дейін жаңа станция сумен қамтамасыз етеді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елорданы сумен қамту мәселесі қалай шешілетіні туралы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

ССС-4: Елордада 2035 жылға дейін жаңа станция сумен қамтамасыз етеді

«Елорда тұрғындарының жыл сайынғы өсімін ескере отырып, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қуатын жоспарлы әрі кезең-кезеңімен арттыру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Біз қазірдің өзінде газ жылу станцияларының (ГЖС) құрылысы есебінен қаланың жылу қуатын ұлғайттық. Бұл өз кезегінде жаңа нысандарды пайдалануға беруге мүмкіндік жасайды. Сол сияқты жаңа ГЖС, қосалқы электр станциялары салынуда, олардың арасында қолданыстағы нысандар да жаңғыртылып жатыр.

Астанада 2023 жылдың көктемінде су мәселесі өзекті болды. Сол жылы жазда жаңа су құбыры мен үшінші сорғы-сүзгі станциясы (ССС-3) іске қосылды. Қазіргі уақытта қалада қуат тапшылығы жоқ. Бұдан бөлек, алдағы жылдарға арналған қор да бар.

Айта кетелік, Астананы қосымша тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Техникалық су құбырының екінші желісін салу арқылы «Тельман» бірінші көтеру сорғы станциясы тәулігіне 160 мың м³ жобалық қуатына толықтай шығады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату