Тянь-Шань шыңында қалып қойған альпинистке 10 күннен бері ешкім жете алмай жатыр
Ресейлік альпинист Наталья Наговицина Қырғызстандағы Жеңіс шыңынан түсу кезінде аяғын сындырып, содан бері өмір белгілерін көрсетпей отыр.
47 жастағы альпинист 12 тамыздан бері 7200 метр биіктікте ұйықтайтын қап ішінде жатыр. Мұнда ауа райы – 23 градусқа дейін суыған. Жағдайды қиындатқаны – жер бедері мен қолайсыз ауа райы, сондықтан құтқару операциясын жүргізу мүмкін болмай тұр.
Мұндай биіктіктен адамды түсіру үшін, тіпті тәжірибелі командаға да бірнеше күн қажет.
Оқиғаның мән-жайын бұған дейін жазғанбыз. Натальяның таудағы тәжірибесі мол. Алайда ол бір кездері осы тауларда күйеуінен айырылған еді.
Қырғыз құтқарушылары альпинист қалып қойған нүктеге сейсенбіде шығуды жоспарлаған. Бірақ оған жету үшін алты күнге дейін уақыт кетуі мүмкін: ең жақын бастапқы база — «Оңтүстік Иныльчек» лагері, ол 3,5 шақырым төменде орналасқан. Бірнеше тәжірибелі альпинист экспедицияны күтпей-ақ, өз бетімен іздеуге дайындалып жатыр.
Өкінішке қарай, енді ешкім альпинистің тірі екеніне сенбейді. Бұл биіктікте желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға дейін жетіп, температура –26 °C-қа төмендейді. Дроннан түсірілген бейнекадрларда Натальяның қозғалыссыз жатқаны байқалады.
P.S. Жеңіс шыңы тағы да қаһарлы мінезін көрсетті: ол қателікті кешірмейді және көп альпинист үшін соңғы сынаққа айналады. Наталья Наговицинаның тағдыры күш пен батылдық әрдайым құтқармайтынын еске салды.