Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

8 мыңнан аса өтініш – санаққа белсенділік артып тұр!

Тамыз айының басынан бастап Ұлттық статистика бюросының 1446 байланыс орталығы азаматтарға Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу мәселелері бойынша белсенді түрде кеңес беріп келеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

8 мыңнан аса өтініш – санаққа белсенділік артып тұр!

1 тамыздан бастап байланыс орталығына 10,5 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның 8,4 мыңы тікелей ауыл шаруашылығы санағына қатысты болды.

Қазіргі таңда санақ онлайн форматта өтіп жатыр. Тамыз айының соңына дейін барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтары онлайн түрде sanaq.gov.kz ресми сайтында ауыл шаруашылығы санағынан өте алады.

Жедел кеңес алу үшін 1446 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ «Sanaq myrza» чат-боты мен сайттағы онлайн-консультант сияқты цифрлық байланыс арналары да қолжетімді.

Еске саламыз, санақтың екінші кезеңі 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтеді. Бұл кезеңде интервьюерлер онлайн санақтан өтпеген үй шаруашылықтарын аралап, деректер жинайтын болады.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату