Руслан Берденовке қастандық: Жиембайға қандай үкім шығуы мүмкін?
Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембайға қатысты прокурор үкім мерзімін ұсынды.
Мемлекеттік айыптаушы соттан оны кісі өлтіруге оқталды деп танып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Бүгін Берденовке жасалған шабуыл ісі бойынша сотта жарыссөз басталды. Осы отырыста әкім орынбасары алғаш рет оқиғаның егжей-тегжейін баяндап, прокурорлардың сауалдарына жауап берді.