Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

“Бақыт құшағында”:Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне негізделген мюзикл шығады

23 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көптен күткен ерекше туынды – «Бақыт құшағында» фильмі көрерменге жол тартады,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Бақыт құшағында”:Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне негізделген мюзикл шығады

Бұл – қазақ тіліндегі алғашқы jukebox мюзикл және қазақ музыкасының алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқов әндеріне құрылған жаңа форматтағы кино.

Фильм ұлы композитордың 95 жылдығына орай түсірілген. Фильмде Шәмшінің 12 әйгілі әні симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қайта жазылып, актерлердің орындауында сахналанады. Көрермен ән мен бидің тоғысқан ерекше қойылымын үлкен экраннан тамашалай алады.

Туындының режиссері – New York Film Academy түлегі Санат Шапашов. Музыкалық продюсерлер – композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова.

Басты рөлдерді отандық театр мен киноның танымал жұлдыздары сомдайды: Дәурен Серғазин, Әлия Әнуарбек, Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Шах-мұрат Ордабай, Айнұр Ильясова.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату