Анасы бесінші қабаттан лақтырған бала ауруханадан шықты
30 шілдеде анасымен бірге бесінші қабаттан құлаған жеті жастағы бала Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханадан шықты.
Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
— Динамика оң. Бір ай бойы қатаң төсек режимін сақтау қажет, кейін тұрғылықты жеріндегі орталықта бір жылдық оңалту жүргізіледі, — делінген ведомство хабарламасында.
Ал анасы әлі де жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, бірақ есін жиған. Сынықтарға байланысты оған бірнеше рет ота жасалған.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 30 шілдеде Павлодарда болды. Әйел екі баласымен бесінші қабаттан секірген. Кенжесі, жасы бір жарымдағы сәби, 1 тамызда ауруханада көз жұмды.