Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сатиралық Qaznews24 парақшасы жұмысын тоқтатты

Белгілі сатиралық Qaznews24 парақшасының әкімшілері жобаның жабылатынын хабарлады.

Сатиралық Qaznews24 парақшасы жұмысын тоқтатты
Фото: ашық дереккөз

– Құқық қорғау органдары тарапынан редакция мүшелерінің туыстарына қысым жасалып, жаңа тергеу тексерістері басталғандықтан, агенттікті жабу туралы шешім қабылдадық. Мұндай жағдайда жұмысымызды жалғастыру мүмкін емес, – делінген мәлімдемеде.

Команда жобаның өмір сүрген жылдарында ешқандай грант та, шетелдік қаржыландыру да алмағанын, табыс тек жарнама мен оқырмандардың донатынан түскенін атап өтті.

– Барлық жазылушыларға қолдауы үшін алғыс айтамыз. Өкінішке қарай, жұмысымызды тоқтатамыз, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, көктемде сот Qaznews24 авторы Темірлан Енсебекті «алауыздық тудырды» деген айыппен кінәлі деп танып, оған бес жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Айыптау оның Тина Канделаки туралы жазған жазбасы мен «Йоу, орыстар» әніне қатысты болды.

Үкімнен кейін Qaznews24 аккаунты бұғатталған еді, кейін қайта ашылды. Ал Темірлан Енсебек – сатиралық инстаграм парақшасының негізін қалаушы және бұрынғы авторы – «экстремизмді қаржыландырушылар» тізіміне енгізілді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату